Қағаз-қаламымды жинастырып, түскі тамаққа енді шыққалы жатқам. Кенет кең кабинетті сұр телефон безектей жөнелді. Менің де мінезімнің оңып тұрғаны шамалы, зарлауық телефонның тұтқасын жұлып алып, құлағыма тығып жіберердей тақай қойдым. Сымтетіктің арғы жағынан менен де асығыс ер кісінің дауысы самбырлай шығып жатты.