«Әнебір «Менің әкем, менің әкем, ең жақсы адам» деген әнді естіген сайын қызым көз жасына ерік береді. «Мама-ау, осы әнді әкеме арнап айтқым келеді. Бірақ мұндай бақыт неге маған бұйырмады?!» деп арманын айтқанда не деп жұбатарымды білмей кетемін», - дейді Қалдыгүл ханым. Айтуынша, күйеуі оларды осыдан он жыл бұрын тастап кетіпті.