Әлеуметтік желіде сиырымен бірге ән айтып, танылған Жанат Әкімжанқызы Жамбыл облысында тұрады. Шағын шаруа қожалығын басқарып отырған келіншек тек ән айтып қана қоймай, сүт өнімдерін сату арқылы бала-шағасын асырап отыр. Қазірде ол блогерлікті де қолға алыпты: Жанаттың Instagram желісінде 27 мыңнан астам оқырманы бар көрінеді. Блогер Stan.kz тілшісіне өз өмірі және сиырлармен тілдесудегі құпиясын айтып берді.