Ресейдің Украина жеріне басып кіргеніне бір айға жуық уақыт болды. Украина азаматтарының бір бөлігі бас сауғалап, шетелге өтіп кетсе, ендігілері өз мемлекеттерінде қалуды жөн көрген. Елден кетпегендердің арасында этникалық қазақтар да баршылық. Киевтегі қандасымыз Алмагүл Кенжебаева Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында Украинадағы жағдай туралы айтып берді.