28 жастағы алматылық ару алаяқтың құрбаны болғанын айтады. Ер азаматтың “сүйемін, күйемін” деген сөзіне сеніп қалған ол өз атынан, онымен қоймай ата-анасының атынан алаяққа несие алып берген. Алайда 10 миллионға жуық қаражатты қолды қылған ер адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.