...Баяғыдай тіл үйрену үшін том-том кітап арқалап жүретін немесе оқытушының алдында қаздиып отырып, қазіргі тілмен айтқанда офлайн сабақ алатын заман өтіп барады. Олардың орнын ақпараттық порталдар, сайттар мен мобильдік қосымшалар басып келеді. Яғни, тіл үйренуге құлықты адам керегін интернеттен оп-оңай тауып ала қоятындай жағдай туғызуымыз керек.