Британияның метеорологиялық қызметі жуырда осындай болжам жасады. Оған сай, келер жылы әлемдегі орташа температура индустриалды дәуірге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 1 градусқа жоғары болады. Бұған бірінші кезекте парниктік газ шығарындыларының артуы әсер етеді, дейді ғалымдар. Айта кетейін, бүгінде тарихтағы ең ыстық жыл 2016 жыл болып есептеледі.