Ауғанстандағы билікті қолына алған тәліптер адам өлтірген қылмыскерді алғаш рет көпшілік алдында жазалады. ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, айыпталушы осыдан 5 жыл бұрын Фарах провинциясының тұрғынына қастандық жасаған. Тіпті қолын қанға малғаннан кейін көз жұмған жанның мотоциклі мен ұялы телефонын қолды қылыпты. Туыстары қылмыскерді жазалауды сұрап келгенімен, олардың талап-шағымы тек тәліптердің билікке келуімен жүзеге асып отыр.