Халықаралық энергетика агенттігінің болжамынша, алдағы уақытта әлемде электрлі көлік пен баламалы энергетиканы қолдануға байланысты никель, кобальт, литий және сирек кездесетін металлдарды пайдалану 4 есе артады. Электрмобиль дәстүрлі көліктерге қарағанда минералды ресурстарды 6 есе, ал жел электр станциясы газ кешеніне қарағанда 9 есе артық тұтынады екен.