Ауғанстанда мектепте жарылыс болды: қаза болғандар бар Кабул полициясының өкілі Халид Задранның айтуынша, ресми дерек бойынша, 19 адам қаза тапқан, 27 адам жараланған. Ол шабуыл емтихан болып жатқан жеке орталықта болғанын айтты. Ауғанстанда әдетте жұма күндері мектептер жабық болады. "Азаматтық нысандарға шабуыл жасау жаудың адамгершілікке сай келмейтін қатыгездігін дәлелдейді", - деді ол.