Сатушылар мереке қарсаңында ойыншық дүкендерінде сатылым көбейіп, табыс молайады деп үміттеніп отыр. Өйткені биыл ойыншық саудасы 2 процентке артып, 37 миллиардқа жеткен. Бұл әлемдегі 12 елдің нарығын бақылаған NPD Group деректер провайдерінің мәліметі. Экологиялық таза ойыншық нарығы 2030 жылға қарай 60 миллиард доллардан асады деп болжанып отыр. Сондықтан кәсіпкерлер де осы бағытқа ерекше басымдық бере бастаған. Себебі сұраныс бар дейді.