Алғашында Венгрия бұл бастамаға қарсы болғанына қарамастан, ақыры бірлескен жоспар мақұлданды. Оған сәйкес одаққа мүше елдер газ тұтыну көлемін 15 процентке қысқартады. Бұл шектеу бірнеше күннен кейін күшіне еніп, алдағы қыстың аяғына дейін жалғасады. «Газпром» Солтүстік ағын» құбыры бойынша газ жеткізуді екі есе азайтатынын жариялағаннан кейін Еуроодақ шұғыл мәжіліс өткізді.