Алғашқы галерея 9 айдың ішінде дайын болуға тиіс. Мамандар жүз мегапиксельді камераның көмегімен өсімдіктің ең ұсақ бөлшегін үлкейтіп түсіреді. Мұндай жұмыстар қоршаған ортаны толық зерттеуге мүмкіндік береді. Суреттер ортақ базаға жүктеліп, өзге ғалымдарға да қолжетімді болады.