Үндістан 4 қазаннан бастап Ұлыбритания азаматтары үшін міндетті карантин енгізеді. Британдықтар 10 күн карантиндік оқшаулануда болады. Бұған дейін Ұлыбритания үнділік вакцинация туралы сертификаттарды мойындаудан бас тартқан. Үндістан бұл шешімді кемсітушілік және тіпті «отарлау» деп атады.