Жергілікті шенеуніктер журналистерге баспасөз мәслихатында хабарлағандай, Хэнандағы науқастардың саны шамамен 88,5 миллион адамды құрайды, олардың басым көпшілігі соңғы апталарда жұқтырған. Жергілікті шенеуніктердің келтірген статистикалық көрсеткіші орталық билік жариялаған статистикадан күрт ерекшеленеді. Мәселен, орталықтың ресми мәліметтері бойынша, «нөлдік ковид» саясаты жойылғаннан кейін шамамен 1,4 миллиард халқы бар елде тек 120 мың адам вирус жұқтырып, 30 адам коронавирустан көз жұмды.