Reuters агенттігінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Ким Чен Ын бүкіл шеру кезінде бірде-бір сөз айтпаған. Оның орнына елдің Еңбек партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Ли Иль Хван сөз сөйлеген. Ол "халық армиясын құруға, мемлекетті қорғауға қолдау көрсетуге" және "қорғаныс өнеркәсібін жоғары және модернизацияланған негізге" қоюға уәде берді.