ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, жарты сағат ішінде 7,7 баллдық, 6,4 және 6,6 баллдық үш жер сілкінісі тіркелген. Қираған ғимараттар мен зардап шеккен халықтың нақты саны белгісіз. Табиғат апаты таңға жуық сағат 4:17-де болды. Жер асты дүмпуі Анкара, Анталья, Газиентеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон сынды бірнеше қалада сезілген.