Аймақтағы үлкен бөгет кез келген уақытта жарылуы мүмкін. Дронның көмегімен түсірілген бейне-жазба су деңгейінің жылдам көтеріліп келе жатқанын айғақтайды. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Бірнеше күннен бері толассыз құйған нөсер әлі бір апта жауады деген болжам бар.