Қайғылы оқиға Мадхья-Прадештегі Индаур қаласының ғибадатханаларының бірінде болды. Тұрғындар индустардың Рамнавами мерекесін тойлауға жиналды. Ғибадатхана бірнеше жылдан бері мақсатына сай пайдаланылмаған ескі құдықтың үстіне салынған. Көпшіліктің салмағына шыдамай, ғимараттың едені құлады.