Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа үйінде қоныс той өткізді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Оған әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков арнайы келді. Жұлдыз өз Instagram парақшасында отбасылық мерекеден видео бөлісті. Видеода Гүлзира Айдарбекова дәстүрлі шашу рәсімін жасап, сыйлықтарын табыс етеді. Жылы сәттер көрермендерді сүйсіндірді. Жұлдыз Әбдікәрімова: «Алдымен үлкендеріміз келді. Алла...