Фото: eldos.kolobok/instagram Белгілі блогер Елдос Қадырханов пен жұбайы 9 жыл бойы күткен қуанышқа жетті. Ерлі-зайыптылардың отбасында көптен күткен сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. «Аллаға шүкір, сүйінші! Қош келдің, ұлым! Біз ата-ана болдық, ағайын!» – деп жазды Елдос әлеуметтік желідегі парақшасында. Желі қолданушылары жас ата-ананы қуаныштарымен құттықтап, ізгі тілектерін арнап жатыр.
«Қош келдің, ұлым»: танымал блогер Елдос «Колобок» 9 жылдан кейін сәбилі болды
Өмір