«Отбасын құрған кезде ғана түсініспеушілік болады. Өнер адамы болғаннан кейін барған жерде мені әнші деп келіп, амандасып, қолымнан сүйетін, биге шақыратын жігіттер болады. Сондай кезде ер-азаматыммен арамызда көп дұрыс емес сөздер айтылады. Ойы бұзылып, «Неге ол сенің қолыңнан сүйді? Ол кім?» деген сияқты сұрақтарды жиі естіп, «Бекер күйеуге шықтым ба?» деп ойлайсың. Өнерде жүріп, бостандыққа үйреніп қалғанмын. Халықпен, көрермендермен, әріптестеріммен бірге болмасам, ауырамын. Орманда жалғыз қалып кеткен жануар сияқты боламын ғой», — деді Шаһизада.