2026 жылы 18 ақпанда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан құралған «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрменің ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне өнер иесі арнайы қатысып, көрменің тұсауын өзі кесті. Экспозицияға Димаштың жеке қорынан 70 музыкалық аспап...