Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қаламыз Ауғанстан босқындарын қабылдайды деген ақпардың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Тоғыс тұрғын алабындағы N120 мектепте жаңа оқу жылына байланысты жоспарлы жұмыстар атқарылуда, - деп жазды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс.