Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады. Онда азаматтардың басым бөлігінде өзекті болып табылатын тұрғын үй мәселесі қаралды. Ерғали Дәулетбекұлы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, пәтерлерге заң аясында қол жеткізу жолдарын түсіндірді.