ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының Нұрсәт шағынауданындағы №104, 105 көп қабатты тұрғын үйлердің кілттерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Қалада тұрғын үй кезегінде тұрған 112 отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды. Олардың барлығы – көп балалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы отбасылар.