Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековті қабылдап, алты айда атқарған жұмыстарының есебін тыңдады. Басқарма басшысы өз баяндамасында Шымкент қаласында 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3095 млн. теңгеге артқанын айтты. Нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрағанын жеткізді.