Шымкент қаласы Абай аудан аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларында санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, қураған ағаштармен қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға "Ақсемсерстройсервис" ЖШС-ның 12 техникасымен 78 қызметкері жұмылдырылған. Сонымен қатар, қалалық экология департаментінің өкілдері және аудандық экология полициясымен бірлесе рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.