Шымкентте соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады. Еліміздегі «сары аймақтар» қатарына енді. Қалада 16 қыркүйек күні КВИ-дің 102 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 84, белгілері жоқ – 18). 67 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 35 адам үй бақылауына алынды.