Шымкентте азық-түлік тауарларын нарықтағы құнынан арзан бағада саудалайтын тағы бір әлеуметтік дүкен ашылды. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасы бойынша іске асырылуда. Осы орайда қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен аталмыш жоба Шымкентте сәтті орындалып келеді.