Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Қала әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Шыңғыс Мұқанның жетекшілігімен өткен мәжіліске құзырлы мемлекеттік орган басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.