Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,6 млн. шаршы метрді құрайтын 275 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Салынып жатқан үйлерден барлығы 14 551 пәтер тапсырылатын болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.