Шымкент қаласына келуші туристерге қызмет көрсетіп, тарихи, мәдени және басқа да нысандарды таныстыратын гид-экскурсоводтардың саны артуда. Шаһарға келуші қонақтардың ең жиі баратын нысандар қатарына ең алдымен қонақ үйлер, тамақтандыру орындары және демалыс аймақтары кіреді. 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген, көне және қасиетті орындарға бай қала болып саналады.