Шымкентте тойхана емес, мектеп ашу сәнге айналды. Салаға инвесторлар қаржы құюда. Жаңа оқу жылында мегаполисте 20 білім ордасының тұсауы кесілді. Оның 15-ін кәсіпкерлер салған. Мектеп проблемаларына бизнесті қосу керектігін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан болатын.