Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастырылған жұмыссыздарға арналған көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңке Абай және Әл-Фараби аудандарының тұрғындарына қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындары тарапынан 2000 астам медициналық, техникалық және педагогикалық мамандықтары бойынша тұрақты және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде уақытша бос жұмыс орындарын ұсынылды.