Шымкент қаласындағы перинаталдық орталықта кезекті үшемдер дүниеге келді. Қала тұрғыны Жанна Мелдешова жүктіліктің 34-ші аптасында Айым, Рахат, Аяла есімді сәбилерді дүниеге әкелді. Шақалақтар 28 шілде күні туған. Анасы мен балалардың қазіргі денсаулығы жақсы.