Бүгін Шымкент қаласы аумағында коммуналдық сенбілік ұйымдастырылды. Яғни, қала тұрғындарына тәулік бойы үздіксіз қызмет ететін мекемелер өздеріне қарасты барлық нысан аумағын тазалады. “Тазалық - өзімізден басталады” ұранымен бастау алған бұл сенбілікке 700-ге жуық коммуналдық қызметкерлер жұмылдырылды.