Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданында орналасқан мұсылман бейітіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында бейіт аумағы күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, жан-жағы тырмаланды. Сондай-ақ, ағаштардың қураған, сынған бұталары кесілді.