Демалыс күндері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Абай ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық рейд өткізді. Бірлескен рейд Қызылжар шағын ауданында Махмудов көшесінде өткізілді. Оған мамандандырылған жасақтың қызметкерлері мен «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері қатысты.