Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 81 жағдай тіркелді. Оның ішінде 61- і симптомды, 20-ы симптомсыз. Індет жұқтырған 39 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 42 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.