Медицина саласына түсіп жатқан ауыртпалық еселей түскендігі белгілі. Дертке тоқтам салар тұста дәрігерлерімізге көмек пен қолдау көрсетуіміз маңызды. Әсіресе, індетпен күресуде тың әдіс, тиімді тәсілдер жөнінде мамандар беретін кеңестің орны бөлек. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен өткен кездесуде шымкенттік дәрігерлер әдістемелік көмек алды.