Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына өтінім беру кезеңі аяқталды. Жалпы, конкурсқа 6 сала бойынша 70-тен аса өтінім түскен. Олар – медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренді және гастрономия (Шымкент дәмі).