Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қаладағы ірі жобалардың бірі Т.Рысқұлов-Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы мердігер мекеме "Bazis Construction" ЖШС тарапынан жүргізілуде. Аталған жұмыстарды жүргізу кезінде Т.Рысқұлов көшесінің бойында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты су құбырына зақым келтірілді.