Бұл күн – үш ғасырға жуық бодандықтың қамыты мойнын әбден қажап, еңсесі түсіп, жігері қанша жаншылса да жасымаған, ұлт қаймақтарын қанша жерден қынадай қырса да, қандағы бар тектілік қайта оралып соғатын генетиканың ұлы заңы бойынша асылдарын жарық дүниеге топ-тобымен әкеліп отырған арда халықтың бөркін аспанға лақтырып, шаттанатын күні. Бізден бірнеше есе көп, бірақ тағдырдың тауқыметі мен тарихтың теперішін көріп, елдігінен айырылған, мемлекеті жоқ халықтарды көргенде бұған әбден көзің жетеді. Тәуба дейсің. Өйткені өмірде бәрі де салыстырмалы.