Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы штамдарының айналымына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. «Биыл сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы 98,6 %-да анықталды, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стелс-Омикрон» штамы 36,7%-да анықталды. Сондай-ақ, B. 1.617-like Delta штамы айналымда жүр және зерттелетін сынамалар […]