Қызыл иектің ауруы, диабет, тіпті, обырды да ауыздан шыққан жағымсыз иіс арқылы анықтауға болады. Қандай да бір дертке шалдыққан кезде біздің ағзамыздағы өзгерістер сырт көзге байқалады. Теріміздің түсі өзгеріп, тырнағымызда, тісімізде дақ пайда болып, аузымыздан жағымсыз иіс шығады. Осындай ұсақ-түйек өзгерістер қауіпті аурудың ерте белгісі болуы әбден мүмкін. Осы жолы сіздерге дәрігерлер ауыздан шыққан жағымсыз иіс арқылы қандай дертті анықтайтынын айтамыз.