ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бүгінгі күні қазақстандықтар бес түрлі вакцинаның бірін таңдай алады. Бұған қоса, министр Алексей Цой жылдың соңына дейін елімізге Pfizer екпесі әкелінетінін мәлімдеген болатын. Вакцинациялау үрдісінің жүріп жатқанына жеті айға жуық уақыт өткенімен кейбір тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап таба алмай келеді. Осыған орай, Stan.kz тілшісі коронавирусқа қарсы вакцина жайлы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетовадан сұрап білді.