Қазір сән салонына жиі барып, түрлі процедура жасайтындар көп. Әсіресе гельді маникюр жасайтын қыз-келіншектердің саны күн санап артып келеді. Алайда оны арнайы шамның астында кептіру әдісі тырнақтарға зиян болуы мүмкін. Калифорния университетінің ғалымдары шамнан бөлінетін ультракүлгін тері ДНҚ-сын өзгертіп жібереді деген тұжырымға келіпті. Ал мұндай өзгеріс қатерлі ісікте байқалады екен, деп хабарлайды «Хабар 24».