Сағыздың «пломбаға» зияны бары рас. Дегенмен оны аса жиі пайдаланса ғана. Яғни сағыс тамақтан соң тіс тазалауға, ауыз шаюға мүмкіндік болмаған жағдайда ас қалдықтарынан тазарту және ауыздан шығатын демді жаңарту жасап шығарылған деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Оны тамақтан соң 5 минуттай шайнау керек, сағаттап шайнап жүре беруге болмайды.