Дәрігердің айтуынша, оразада ағза біршама тазарып, табиғи детокс процесі жүрді. Енді осы қалпында сақталу үшін екі реттік тамақтануды жалғастырған жөн. Себебі адам бірден тамақтануды көбейткен кезде инсулинрезистенттілікке алып келеді, қайта-қайта тамақтанған сайын ұйқы безіне, асқазан-ішек жолдарына ауыртпалық түседі.